Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне 2 рет ота жасалды

Кеше жәбірленушіге екінші ота жасалды.

Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне 2 рет ота жасалды
shutterstock.com
668

Қарағандылық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы 26 қаңтарда кезекшілік барысында бейтаныс азаматтан бірнеше соққы алып, денсаулығына зиян келген. Кеше жәбірленушіге екінші ота жасалды, деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында жәбірленушінің қорғаушысы бүгінгі сот отырысында мәлімдеді. Соққығы жығылған жедел жәрдем жүргізушісінің адвокаты Бағдад Хасеновтың айтуынша, Т.Берікқалиұлының сотқа келмеу себебі кеше Қарағандыдағы Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникада оған мұрын резекциясы бойынша ота жасалған.

«Айта кету керек, бұл мұрын резекциясы бойынша Төреғали Берікқалиұлына жасалған екінші ота. Біріншісі, ақпан айында жасалған. Біз қазір сотқа сараптаманы қайтадан жасау немесе қосымша сараптама жүргізу бойынша өтініш беретін боламыз. Менің ойымша, сарапшы қорытындыны уақытынан бұрын берген. Менің қорғалушым Төреғали өзінің моральды және материалды шығындары үшін соңына дейін күреседі. Қазіргі уақытта ол жедел жәрдемде көрсетуі тиіс еңбек қызметінің орнына ауруханада отадан кейін емделіп жатыр», - дейді адвокат Бағдад Хасенов.

Қорғаушы күдіктіге тағылған айып тым жеңіл деп санайтындығын айтты. Оның сөзінше, күдіктіге қатысты іс 2 бап бойынша қозғалу керек. Оның біріншісі «Денсаулыққа қасақана орташа деңгейде зиян келтіру» және екіншісі «Бұзақылық» бабы.

Еске салайық, бүгін Қарағандыда кезекшіліктегі жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанын жазған болатынбыз. Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған.

 

Серіктес жаңалықтары