Танымал спорт комментаторы көз жұмды

Журналист әрі «Эгриси» футбол командасының иесі 52 жасында өмірден өтті.

Танымал спорт комментаторы көз жұмды
Василий Уткин. Фото: m.sport-express.ru

Ресейлік танымал спорт комментаторы Василий Уткин көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист әрі «Эгриси» футбол командасының иесі 52 жасында өмірден өтті.

«Бұл жазбаны жазу бізге өте қиын. Бірақ бұл шындық. Василий енді арамызда жоқ» - делінген «Эгриси» командасының хабарламасында.

БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, Василий Уткин көз жұмғанға дейін жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр дертіне шалдыққан. Өткен жылдың қазан айында оған атеросклероз деген диагноз қойылған.

Василий 1990 жылдардың ортасында НТВ және НТВ-Плюс телеарналарында футбол комментаторы, журналист және «Футбол клубы» телешоуының жүргізушісі ретінде танымал болды.

Василий Уткин 21 наруыз күні өтетін Қазақстан құрамасының ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Грекияға қарсы ойынынан хабар тарату үшін Алматыға келуі керек еді.