Шымкентте жетім балаларға әлеуметтік көмек беріледі

Жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек берілуде.

Шымкентте жетім балаларға әлеуметтік көмек беріледі
kyzylorda-news.kz

Шымкентте наурыз мерекесінің қарсаңында жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек берілуде.


«Бұл әлеуметтік қаржылай төлем Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан бөлінуде», – делінген хабарламада.