962
Жетісу облысында бір күнде 50 баланың тұсауы кесілді
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір күнде 50 баланың тұсауын кесу бұған дейін Қазақстанда болмаған
Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Талдықорғандағы "Жастар" спорт сарайында бір мезетте 50 сәбидің тұсауы қатар кесілді, деп хабарлады turkystan.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір күнде 50 баланың тұсауын кесу бұған дейін Қазақстанда болмаған.
Сәбилердің тұсауын өңірдегі ардагерлер, мәдениет, өнер, әдебиет және журналистика саласының қайраткерлері, атақты спортшылар, білікті дәрігерлер мен ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер т.б. көпке танымал беделді азаматтар кесті. Бұл шара осындай ауқымда елімізде алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.