Баламның өліміне өзімді кінәлап қойды: Ауыл тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр (ВИДЕО)

Жөтеліп барған баламның сүйегін алып қайттым

Баламның өліміне өзімді кінәлап қойды: Ауыл тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр (ВИДЕО)
pixabay.com
816

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылының тұрғыны Аяулым Сауытжанқызы екі айлық сәбиінің өліміне ақ халаттыларды айыптап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

«Ауруханаға жөтеліп түскенде өкпесі таза деп, алдымен бронхысына суық тиген, кейін өкпесі қабынды деген дәрігерлер баламнан айырылып қалғаннан кейін өзің кінәлісің деп менен көріп отыр.Баламның алғашқы антибиотиктерден кейін буын-буыны босап, аяқ-қолы салбырап қалғанын айтқанымда сорпа ішіңіз деді, – дейді келіншек.

Ал денесінің ісіп кеткеніне шағымданғанда басылады деп жұбатқан ақ халаттылар, баласын мәйітханадан алып кеткенде, неге өзін аяқ асты кінәлай салғанын түсінбейді. Ал келіншектің жанайқайына дәрігерлердің айтары басқа.

 

Серіктес жаңалықтары