Медеу Арынбаев сахнаға шыға алмай қалған кезі жайлы айтты

Әнші Медеу Арынбаев бес жыл бұрын басына ота жасатты.

Медеу Арынбаев сахнаға шыға алмай қалған кезі жайлы айтты
Медеу Арынбаев. Фото: smartnews.kz
730

Әнші Медеу Арынбаев «ХабарLike» бағдарламасында біраз уақыт сахнаға шыға алмағанын және былтыр жеке кешін өткізгенін айтты.

Өнер иесі бес жыл бұрын басына ота жасатқан.

«Биыл бес жыл болды. Денсаулығымның ақауына байланысты, шеттетіліп қалдым. Сахнада ес жоғалттым. Сескеніп, қаймығып қалдым. 2019 жылы ота жасаттым. Содан кейін былтыр 3 сағаттық концерт беріп, ақталғандай болдым. Оның бәрі артта қалды», – деді Медеу Арынбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Медеу Арынбаев осыған дейін талма ауруына ұшырағанын мәлім етті. Өнер иесінің айтуынша, ол осы дертінің әсерімен төрт рет жол апатына да ұшыраған.

Серіктес жаңалықтары