Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты ескерту жасады

Бас прокуратура көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертті.

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты ескерту жасады
Бас прокуратура. Фото: facebook/ҚР Бас прокуратурасы
2373

Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, медиа-кеңістікте Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр.

"Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады", - деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратура көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертті.

Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға үндеді.

Серіктес жаңалықтары