Колумбия университетінде қазақ музыкасының кеші өтті

Жас ғалымның ұйымдастыруымен әлемнің жетекші оқу орнында қазақ музыкасының кеші өтті.

Колумбия университетінде қазақ музыкасының кеші өтті
qazaqstan.tv
687

Қазақтың халық әндерінің опералары әлі күнге Кеңестік нұсқасында орындалып жүр. Яғни, түпнұсқадан бұрмаланған күйі көрерменге жол тартуда дейді қазақ халық әндерін зерттеп жүрген Колумбия университетінің аға оқытушысы Кнар Абрахамян. Бұл туралы turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап жазды.

Жас ғалымның ұйымдастыруымен әлемнің жетекші оқу орнында қазақ музыкасының кеші өтті.

Кнар Абрахамян Үкілі Ыбырай Гәккуінің түпнұсқасын көрерменге таныстырып жатыр. Ырғағы мен әуезінде кеңестік кезеңдегі нұсқадан елеулі айырмашылық бар. Яғни, халық оны әлі күнге «Қыз Жібек» операсындағы «Жібек» ариасына икемдеген нұсқасы ретінде біледі. Осы секілді көптеген халық әндерінің опералары әлі күнге кеңестік замандағы нұсқасы бойынша орындалып жүр дейді қазақ музыкасын бес жыл бойы зерттеу нысаныны айналдырған жас ғалым.

«Халық әндердің кеңестік опералық нұсқаларын біледі. Бірақ олар әндердің бастапқыда күйінен қалай түрленгенін білмейді. Олар әрине этнографиялық кітаптар боғанымен шын мәнінде орындалмай жатыр. Сондықтан мәдени жадына көмескіленген толық нұсқасын жаңғыртып, таныстырса жақсы болар еді», – деді Колумбиа университетінің аға оқытушысы Кнар Абрахамян.

Кеңестік идеология қазақтың ғасырлар бойы қалыптастан музыкасын мансұқтап, бұрмалады, сол арқылы ұлттық бірегейлігіне орасан зор зиянын тигізді. Бірақ бұл батыста мүлдем зерттелмеген тақырып дейді маман. Тіпті осы кешке жиналған америкалықтардың көбі қазақ домбырасын алғаш рет көріп, күмбірлеген үніне қайран қалғандарын жасырмады.

«Домбыра үнін бұған дейін ешқашан естіген емеспін. Бұл өте керемет. Мен музыкалық әр алуандықты жақсы көремін. Кеңес Одағының елдің ұлттық музыкасын бұрмалғанын және оны қазақ халқына қарсы қару ретінде қолданғанын естіп көңіліміз түсті. Дегенмен қазір ғалымдардың осы үрдістерді өзгертіп, музыканың шынайы мәнін қайтадан ашып жатқанына өте қуаныштымын», – деді Харриман институтының директоры Валентина Измирлиева.

Посткеңестік кеңістікті зерттейтін институт қазақты тану ісінде ғылыми еңбектерімен шектеліп қалмақ емес. Қазірдің өзінде мұнда қазақ тарихы мен саясаты бойынша сабақ беретін бірнеше ғалым бар. Көп ұзамай қазақ тілін үйрететін курс ашпақ ниетті. Ол үшін институт жанынан тілдік оқытуды қамтитын орталық азия бағдарламасын құру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары