Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті
ҚР ТЖМ

Ақтөбелік құтқарушылар лифт шахтасына құлаған адамға көмекке келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам лифт шахтасына құлап кетті.

«5 минуттан кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті», – делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар зардап шегушіні салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.