Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртемек болған

Қалалық аурухана дәрігерлері күйік шалған науқастың қабылданғанын айтты.

Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртемек болған
pixabay.com

Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртемек болған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпарат @ilovekostanay Instagram-парақшасында жарияланды.

«Бұл дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдері. 

Қалалық аурухана дәрігерлері күйік шалған науқастың қабылданғанын айтты. Оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес өзге ақпаратты бере алмайды.