Үш облыста республикалық жолдар жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Үш облыста республикалық жолдар жабылды
KOLESA.KZ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 189 км 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)

1. «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін)

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол. (жаңбыр, көктайғақ)

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.