57 жастағы Майк Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

Жекпе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз

57 жастағы Майк Тайсон шаршы алаңға қайта оралады
Justin Setterfield / Getty Images

Ол 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол. 

Жекпе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз. Жекпе-жек Netflix платформасында көрсетіледі. 

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы 50-6 рекордтық көрсеткішпен аяқтағаны белгілі. 

WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы болды.