Еліміздің төрт өңірінде 5 жол жабылды
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған
ҚазАвтоЖол күннің бұзуылуына байланысты 9 наурыз түнгі 22:00 дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Атап айтқанда 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)
Қарағанды облысында — жалпы ұзындығы 118 км бір автожол
«Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейін
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол
«Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін(көліктің барлық түріне)
Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2 автожол
«Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (барлық көлік түріне)
«Қызылорда-Павлодар» — Жезқазған қаласы — Қарағанды облысы шекарасы.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған.