1973
Алматы облысында колония бастығы қамауға алынды
Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметІ мәлімдеді.
7 наурыз күні Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.
Колония басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.