«Музарт» тобының Қарағандыда өткен концертінде оқыс жағдай болды

Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастролдік сапарға шыққан еді.

«Музарт» тобының Қарағандыда өткен концертінде оқыс жағдай болды
«Музарт» тобы. Фото: әлеуметтік желі

Танымал «Музарт» ансамблінің концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастролдік сапарға шыққан еді. Оқиға эҚарағанды қаласында болды. 

«Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүймелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда “шүкір” дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. «Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт» деп халық сұрайтын», – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев.