293
БҰҰ Трамп көші-қонға қатысты жарлығын сынға алды
БҰҰ Трамп көші-қонға қатысты жарлығын сынға алды
БҰҰ-ның босқындардың құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссиары Филиппо Гранди АҚШ президенті Дональд Трамптың босқындарды көшіруге байланысты жаңа жарлығына алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды бүкіләлемдік ұйымның жаңалықтар орталығы.
Бұл туралы бүгін korrespondent.net сайты хабарлады. Оның сөзінше, Трамптың осы мәселеге қатысты жаңа шешімі, мейлі ол тіпті уақытша болсын, босқындардың басындағы онсыз да қиын жағдайды одан сайын күрделендіре түспек. Гранди сөзінде АҚШ-тың өзге елдердің босқындарына қол ұшын соза отырып, қауіпсіздік, «пана» іздеген жандарды өз елінде қабылдап, қашан да өзгелерге үлгі болып келген еді. Ал бүгінгідей босқындардың легі рекордтық деңгейге жеткен кезде оларға қамқорлық көрсететін ізгі шаралар ауадай қажет, деп мәлімдеді БҰҰ комиссары. Айта кетейік, 6 наурыз күні Трамп қөші-қон мәселесіне қатысты жаңа заңға қол қойды. Оның талаптарына сәйкес, Судан, Сирия, Иран, Ливия, Сомали, Йемен сынды мұсылман елінен келген азаматтарға 90 күнге дейін АҚШ-қа кіруге тыйым салынады. Бұған қоса, АҚШ-қа босқындарды қабылдау бағдарламасы 120 күнге тоқтатылды. Осыған дейінгі жарлықпен салыстырғанда бұл тізімде Ирак жоқ.