Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті

Өнер иесінің айтуынша, әншінің отбасы жақында қоныс тойын тойламақ.

Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті
RaiM и Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan
1921

Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim Алматы қаласынан жер үй алғанын айтып, сүйінші сұрады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Бүгін біздің жанұяда қуаныш! Оны мен айтпасам, күйеуім айтпайды сіздерге.

Қысқасы. Сүйінші! Жер үйлі болдық. Күйеуім көптен іздегенін тапты.

Аллаға сансыз шүкір! Алла берекелі, хайырлы етсін! Бүгін жер сілкінісінен соң ес жиып, қорыққаннан тез тез барып келісім-шартқа қол қойып келдік. Енді салынып біткенін күтеміз. Алла түрлі табиғи апаттардан сақтасын. Тек аманшылық болсын. Енді күйеуім екеуміз қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз. Алла тіл, сөз, көзден аулақ қылсын. Қожайынның таңдауы – вилла!», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары