Белгілі спорт комментаторы өмірден өтті

Қаралы хабарды журналист Кемелбек Ойшыбаев жеткізді.

Белгілі спорт комментаторы өмірден өтті
Рабат Жәнібеков. Фото: 24.kz
1082

Ардагер журналист, танымал спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды. 

Қаралы хабарды журналист Кемелбек Ойшыбаев жеткізді.

«Қазақ телевизиясының белгілі спорт журналисі, алғаш қазақ тіліндегі спорт комментаторы болған, ардагер Рабат Жәнібеков өмірден өткені туралы суық хабар таңмен келді. Рабат ағамыз туралы кішкентай кезімнен еститінмін, әкем Бақтығұл Ойшыбаев Рабат ағаймен КазГУде журналист мамандығына оқыған кезінде жатақханада бір бөлмеде тұрғанын айтып, студенттік шақтарын еске алатын.

Соңғы кезде ауырып жатқаны туралы ұлы Муслим хабарлаған. Ағамыздың арты қайырлы, жаны жәннатта болсын», - деп көңіл айтты ол.

Рабат Жәнібеков 1968-2003 жылдар аралығында қазақ телевизиясында редактор және спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды.

Ол 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеген келген. Саналы ғұмырында қазақ телевизиясында абыройлы қызмет атқарды. Комментаторлық мансабын 1973 жылдан бастады. Алғаш жүргізген матчы Мәскеуде өткен Футболдан КСРО Чемпионатындағы "Қайрат" - "Торпедо" кездесуі болды. Рабат Жәнібеков спорт журналистикасында есімі елге белгілі талай шәкірт тәрбиелеп шығарды. 

Серіктес жаңалықтары