Танымал саясаткер, журналист және сарапшы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады turkystan.kz.
Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.