Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерге қатысты мәлімдеме жасады

Министр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, облыс халқымен кездесуінде жалпы практика дәрігерлеріне жағдай жасау керек екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерге қатысты мәлімдеме жасады
senate.parlam.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова учаскелердегі дәрігерлерді өзіне тән емес функциялардан босатып, олардың еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Министр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, облыс халқымен кездесуінде жалпы практика дәрігерлеріне жағдай жасау керек екенін айтты.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі біздің міндетіміз – медициналық қызметтердің көлемін арттыру ғана емес, ең алдымен олардың сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктеме көтерілмейтінін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет, - деп атап өтті ол.