262
Астана іргесіндегі жұртты тұншықтырған кәріз суы
Астана іргесіндегі жұртты тұншықтырған кәріз суы
Астанадан небары 20 шақырым жердегі Қосшы ауылын нәжіс суы басып жатыр. Мұндағы жұрт үш жылдан бері лас қалдықты кешіп, жағымсыз иіспен тыныстауға мәжбүр. Тұрғын үйлерден аққан үлкенді-кішілі дәрет кей кезде тіпті, тасып ағып көлшікке айналады екен. Ал, ондағы қолқаны қабатын иісті сөзбен айту мүкін емес дейді тұншыққан жұрт. Тіпті, соның кесірінен ауру сырқау көбейген.
Бұл ағып жатқан еріген қардың суы емес. Иісі қолқаны қабатын нәжіс суы. Мына артымдағы қосшы ауылының берекесін қашырған осы. Жұрт үш жылдан бері лас қалдықты кешіп, жағымсыз иіспен тыныстап жүр.
Солардың бірі – Ұлбосын Алқуатова. Айтуынша, 5 жыл бұрын осы Қосшыдан жер аларда, шенеуніктер мұнда жайлы өмір сүру үшін бәрі болады деп сендірген екен. Тіпті, кіл коттедждер салынған ауылдың бір бөлігін VIP-қалашық қыламыз депті. Бірақ, енді нәжіске былғандырып отыр.
Ұлбосын Алқуатова, Қосшы ауылының тұрғыны:
-Енді біз уже үйімізге кірдік. 3 жыл тұрып жатырмыз. 3 жыл бойы осы. Жазда да, қыста да, көктемде де бізді осылай басады. –Үйіңізге кіре ма? –Иә, Үйдің бәрін де басады мына жерден қалай өтетінімді білмеймін мен.
Тұрғындарды әбден тұншықтырған кәріз суы мына Қосшыға тиіп тұрған Лесная поляна ықшамауданының тұрғын үйлеріне тиесілі. Ал, таңертеңгі және кешкі уақыттарда дәретханадан шыққан лас су тіптен тасып ағып, көлшікке айналады екен. Жағымсыз иістің кесірінен соңғы кездері ауру сырқау да көбейген дейді жұрт.
Саят Майлин, Қосшы ауылының тұрғыны:
-Мына жерден кәріз суы аққанда, жүру мүмкін емес. Үйдің ішіне дейін иіс жайлап алған. Білуімізше, кәріз суы ағуы тиіс құбыр тым жіңішке. Сондықтан нәжісті ағызып үлгермегендіктен сыртына шығып, бізді басып жатыр.
Таза ауаға зар болған жұрт коммуналдық мекеме мен әкімдіктің табалдырығын тоздырып шаршапты. Бүгін де олардан қайыр болған жоқ. Өйткені, бұған дейін мылтығымен ит атып, жұртты шошытқан ауыл басшысы еңбек демалысына кетіп қалыпты. Ал, тұрғындар болса, күн күрт жылынып, үйімізді нәжіс баса ма деп қорқып отыр.