Көлік министрлігі жолаушыларға мәлімдеме жасады

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша шаралар қолға алынды.

Көлік министрлігі жолаушыларға мәлімдеме жасады
rail-news.kz/Александра Жабчука
876

Көлік министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Көлік министрлігінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтіп, жолаушыларды уақтылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылған болатын.
 

«Осы ретте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көршілес теміржол әкімшіліктерімен бірлесе отырып, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша шараларды қолға алды. Ұлттық компанияның ақпаратына сәйкес, жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатысты барлық өзгеріс ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қолжетімді», – делінген хабарламада.


Бүгінгі таңда теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес барлық жолаушылар пойызына билеттерді сату жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушыларды ақпараттандыру және поездардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар берілді.
 

«Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бірыңғай анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары