Қазақстан құрамасы Бакуде күміс медаль жеңіп алды

ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Қазақстан құрамасы Бакуде күміс медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды.

Аталған жарыста қазақстандық Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев жұбы финалда 50.520 балл жинап, күміс медальға қол жеткізді.

Бұл сында 51.090 ұпай еншілеген Қытай құрамасы (Фу Вэйцзянь мен Жоу Цзе жұбы) бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орынға Америка гимнастары қол жеткізді.

Айта кетейік, Данил мен Пирмаммад былтырғы Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанған. Ал 2020 жылы қола медаль алған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше іріктеуде 19 жұптың арасында Ұлттық құрама 7-сатыға тұрақтап, ақтық сынға шыққан. Биылғы Әлем кубогының барлық кезеңінде спортшыларға рейтингіде ұпай беріледі. Бұл өз кезегінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынады.