191
Мәскеуде Борис Немцов мемориалы тағы тоналды
Мәскеуде Борис Немцов мемориалы тағы тоналды
Мәскеудегі Большой Москворецкий көпіріндегі Борис Немцовқа арналған халықтық мемориал "Гормост" мемлекеттік кәсіпорны тарапынан тағы тоналды.
Екі жыл бұрын оппозициялық саясаткерді өлтірген жерге қойылған гүл шоқтары мен портреттерді дүйсенбіге қараған түні тасып әкеткен.
Мемориялды күзетуші белсенді Инна Холодцованың сөздеріне қарағанда, "Гормост" қызметкері белсенділерді көпірден лақтырып жібереміз деп қорқытып, қолдарын қайырған.
Борис Немцовқа арнап қойылған гүл шоқтарының тоналғанын "Солидарность" қозғалысының мүшесі Надежда Митюшкина да Twitter әлеуметтік желісіне жазған.
Наурыз айының басынан бері билік халықтық мемориалды тазалаумен келеді.
Ресейдің оппозициялық саясаткері Борис Немцов 2015 жылдың 27 ақпанында Мәскеудегі Большой Москворецкий көпірінде атып өлтірілді. Белсенді топ саясаткердің қаза тапқан жеріне ескерткіш тақта орнатқысы келеді. Бірақ Мәскеу билігі қарсы.