937
Семейде жоғалып кеткен қыз табылды
Бала психологтың қарауынан кейін-ата-анасына тапсырылады
Таңертең жоғалып кеткен 9 сынып оқушысы аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Құзырлы органға хабар түскен бойда, полицейлер мен қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар жұмылып, бүкіл қала бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді.
Олар қараусыз қалған ғимараттар мен ойын-сауық орындарын аралады. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны «Қазына» сауда үйінен тапты.
Қазіргі уақытта оқушы қыз Орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін-ата-анасына тапсырылады.