Ташкентте, Самарқанда. Түркіменстанда және Қаршида Каримовке ескерткіш орнатылады

Ташкентте, Самарқанда. Түркіменстанда және Қаршида Каримовке ескерткіш орнатылады

Ташкентте, Самарқанда. Түркіменстанда және Қаршида Каримовке ескерткіш орнатылады
ашық дереккөзі
249
Өзбекстан телеарналары елдің бірінші президенті Ислам Каримовке Ташкенттен, Самарқаннан және Қаршиден ескерткіш орнатады деп хабарлады. Президент Шавкат Мирзияев жобалармен жеке танысып, мемориал кешенін Өзбекстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына қарсы аяқтауды бұйырған.
Өзбекстанның «Ахборот» телеарнасында президент Шавкат Мирзияевтың сөйлеген сөзін көрсеткен. Онда Өзбекстан басшысы «Біздің халық және әлемдік қауымдастық Ислам Каримовтің есімін Джордж Вашингтон, Шарль де Голль және Мұстафа Кемал Ататүрік секілді біртуар мемлекеттік және саяси тұлғалармен қатар қояды» деген. Ресми хабарламада айтылғандай, Өзбекстан тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Ташкенттегі бірінші президент отырған Ақсарай резиденциясы алдында ескерткіш орнатылып, ғылыми-ағарту мемориял кешені ашылады. Сол секілді Самарқан қаласының орталығы мен Каримовтің еңбек жолы басталған Қарши қаласындағы саябақта тұңғыш президенттің мүсіні орнатылады. Былтыр Ресей президенті Владимир Путин де Ислам Каримовке Мәскеуден ескерткіш салынатынын айтқан. Ол Мәскеу қалалық думасының шешімі бойынша, Большая Полянка көшесіндегі саябақтан орын тебетін болды. Түркіменстанда алаң мен саябаққа Ислам Каримовтің есімі берілді. Ол 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында миына қан кетіп қайтыс болды. Самарқандағы қабірі бүгінде құрмет көрсету орнына айналған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев түркіменнің Чарджоу қаласында Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткіш кешенінің ашылу салтанатына қатысады. Бұған қоса екі мемлекет басшылары өзбек-түркімен қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайды.
Өзбекстан мен Түркіменстан арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылады. Бұл - Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретінде шетелге алғашқы ресми сапары. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов үшінші мерзімге сайланғалы бері бірінші мәрте шетел президентімен кездеседі. Естеріңізге салайық, 14 ақпанда Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері телефон арқылы сөйлесті.

Серіктес жаңалықтары