Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан сәтінен фото тарады

Бейнебақылау камерасынан алынған таспада экс-министрдің келіншегін ұрып құлатқанын көруге болады.

Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан сәтінен фото тарады
Қуандық Бишімбаев және Салтанат Нүкенова. Фото: instagram/aitym
1563

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында қылмыс болған сәттен видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның бауыры Айтбек Амангелді мұны Қуандық Бишімбаев «әйелін өлтіргенін мойындамады, оны сүйген» деген адвокатының мәлімдемесіне орай амалсыздан бөліскенін айтты.

Бейнебақылау камерасынан алынған таспада экс-министрдің келіншегін ұрып құлатқанын көруге болады.

«Адвокаттар оны ұрмады деп отыр. Бірақ, бізде әртүрлі бұрыштардан, дененің әр жеріне қайта-қайта соққы жасаған және тепкілеген сәті түсірілген видео бар. Медициналық сараптама қорытындысы (бейнедегі скриншоттар) бар, онда сарапшылар тек басынан кем дегенде 13 соққы алған деген қорытынды жасаған», - деп жазды Айтбек Амангелді.

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен жұбайы Салтанат Нүкенованың қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Ол өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

2023 жылғы 11 қарашада Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Кейінірек бұл іс бойынша тағы бір күдіктінің ұсталғаны белгілі болды. «Гастро-орталықтың» директоры да осы іс бойынша қамауға алынды.

 

Серіктес жаңалықтары