Астаналық полицейлер заң бұзушылықты жаңа әдіспен тексеретін болады

Бұл қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Астаналық полицейлер заң бұзушылықты жаңа әдіспен тексеретін болады
Астана әкімдігі. полиция

Астана жолдарында 21 ақпаннан бастап «Ekin Patrol G2» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған 5 экипаж патрульдейді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Ekin Patrol G2» кешенінің қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдық режимін бұзушылықтарды тіркеудің бірегей мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау кешені арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстауға жедел әрекет жасауға ықпал етеді.

Кешеннің мобильді әрі көп функционалды болуы есебінен бұзушылықтарды тіркейтін стационарлық камералары жоқ көшелердің учаскелерінде жылдамдық режимін бұзушылықтар тіркелетін болады.

Жалпы енгізіліп жатқан бағдарлама жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді.