5 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
5 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«20 ақпан сағат 14:15-тегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
Абай облысы-жалпы ұзындығы 1084 км 3 автожол (-40 градусқа дейін аяз күшеюде)
1. «Таскескен-Бақты» - Таскескен ауылы - Бақты ауылы
2. «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз»
3. «Семей-Қайнар»
Жамбыл облысы-жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол
1.«Алматы - Ташкент-Термез» Кенена ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрлер үшін)
Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол
1.«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы обл. шек. -Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)
Қостанай облысы-жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол
1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері)
Ұлытау облысы-жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол
1. «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы. (барлық көлік түрі) Жезді-б.-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)
Ағымдағы сағатқа республикалық маңызы бар автожолдарда 710 бірлік техника және 1432 адам жұмылдырылды.