Қазақстан пара дзюдодан Гран-при турнирінде 5 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында екі алтын, үш қола алды.

Қазақстан пара дзюдодан Гран-при турнирінде 5 медаль жеңіп алды
kaz_para_judo
787

Пара дзюдодан Германияның Гейдельберг қаласында өткен  Grand Prix турнирінде еліміздің балуандары  бес медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

 

48 кг салмақ дәрежесінде күрескен (J2 санаты) Ақмарал Науатбек қарсыластарын айқын ұтып, чемпион атанды. J2 санатында 70 кг жоғары салмақта белдесуге түскен  Зарина Раифова да алтын медаль иеленді. 70 кг салмақ  дәрежесінде  Аяла Мереке (J2 санаты) қола медаль  еншіледі. Ол гран-при додасына алғаш рет қатысып, олжалы оралды.

Ерлер додасында Ерғали Шәмей (J1 санаты) 73 кг салмақта және J2 санатында  аса ауыр салмақта сынға түскен  Жұқамырза Шүкірбеков қола медальді місе тұтты.

Серіктес жаңалықтары