Рыбакина Доха турнирінен 308 320 доллар сыйақы алды

Сонымен бірге ол 650 рейтинг ұпайын жинады

Рыбакина Доха турнирінен 308 320 доллар сыйақы алды
twitter.com/WTA/

Қазақстаның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Қатардың Доха қаласында өткен Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінен тапқан пайдасы белгілі болды, деп жазады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Теннисші финалға шыққаны үшін 308 320 АҚШ доллары мен 650 рейтинг ұпайын алды.

Турнирдің жеңімпазы Польша спортшысы Ига Швентек 523 485 долларға ие болса, рейтингтегі жағдайын 1000 ұпайға жақсартты.