Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек

Ол екі елде қатар зейнетақы алған, бұл - Қазақстан заңнамасын бұзу

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек
abai.kz
17153

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек - бұл 12 миллион теңгеден астам. Мұндай шешім жуырда қаланың Түрксіб аудандық сотында шықты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот шешімінен 2010 жылғы 1 тамызда Алматының тұрғынына зейнет жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған.

Сол жылдың 10 ақпанында әйел Шешенстан Республикасының Ахматов ауданында зейнетақы ала бастағаны анықталды. Осылайша ол екі елде қатар зейнетақы алған, бұл - Қазақстан заңнамасын бұзу.

Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге - 2010 жылғы тамыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын төлеуі керек. Сондай-ақ бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы қосылды.

Серіктес жаңалықтары