Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің өткізу қабілеті нашарлайды.
Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне жүгінді, Алматылық полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
«Көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығыі Асхат Құлбаев.
Қазгидрометтің болжауынша ауа температурасы 17 ақпанда түнде және түстен кейін -14...-22 градус суық болады.