Нью-Йоркте өткен сән апталығында Қазақстан әнұраны шырқалды
Нью-Йоркте New York Fashion Week-2024 халықаралық сән көрсетілімі өтті.
8-13 ақпан күндері Нью-Йорк қаласы, Манхэттен, «Leman Ballroom» залында New York Fashion Week-2024 халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында Гүлзар Ғабдрахман Қазақстан атынан өнер көрсетті.
Бұл іс-шараға әлемнің ең танымал, атақты дизайнерлері мен сән әлемінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар АҚШ-та тұрып жатқан кәсіпкер, дизайнер әрі қазақ қандасымыз Anelya Alim өз сән шығарылымын Нью-Йорктің сәнқой тұрғындарына ұсынды.
NYFW-2024 сән көрсетілімінің ұйымдастырушылары Гүлзар Ғабдрахманның орындауында Қазақстан Республикасының әнұраны мен атақты әлем жұлдызы - Френк Синатра репертуарындағы «New York, New York» әнін меймандарға ән тарту лебізін арнайы шақырту жіберуі арқылы жеткізген.
«Азуын айға білеген АҚШ мемлекеті, Нью-Йорк қаласы төрінде қазақтың әнін шырқау және мәдениетін көрсету мен үшін үлкен мәртебе болғаны сөзсіз», – дейді Гүлзар Ғабдрахман.