Президент Қатарға алғашқы мемлекеттік сапарын жоғары бағалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға барған алғашқы сапары туралы айтты.

Президент Қатарға алғашқы мемлекеттік сапарын жоғары бағалады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Катарға алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын.

Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз», - деп жазды Президент.