Елордада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті.

Елордада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
pixabay

Бүгін Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

2024 жылғы 14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.