«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар табылды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар табылды
ҰҚК

6 – 9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды, - делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.