Қазақстанда 2028 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Әлем чемпионатының қожайыны 24 мамыр күні Рига қаласындағы жиылыста анықталады

Қазақстанда 2028 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін
bassport.kz

Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылы әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.

Дәл қазіргі сәтте Қазақстаннан бөлек, Франция да үміткер болып тұр. Әлем чемпионатының қожайыны 24 мамыр күні Рига қаласындағы жиылыста анықталады. Естеріңізде болса, былтыр Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Германиямен таласқан еді. 

Дауыс беру нәтижесі:

Германия — 102 

Қазақстан — 34

Қазақстан тарапы ұсынған спорт кешендері: 

Алматы, Алматы Арена — 12 мың көрермен сияды. 

Астана, Барыс Арена — 11 578 адам сияды. 

Алдағы жылдары әлем чемпионаты өтетін елдер: 

2024 - Прага және Острава (Чехия) 

2025 -  Стокгольм (Швеция) және Хернинг (Дания) 

2026 - Цюрих және Фрибург (Швейцария) 

2027 - Мангейм және Дюссельдорф (Германия).