Хоккей: Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

Қазақстаннан бөлек, Франция да үміткер болып тұр.

Хоккей: Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді
smi24.kz

Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылы әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Дәл қазіргі сәтте Қазақстаннан бөлек, Франция да үміткер болып тұр. 

BasSport.kz сайтының мәліметінше, әлем чемпионатының қожайыны 24 мамыр күні Рига қаласындағы жиылыста анықталады. 

Естеріңізде болса, былтыр Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Германиямен таласқан еді.