Футболшыларға бұдан былай көк қағаз көрсетіледі

Заманауи футболды тағы бір жаңашылдық күтіп тұр.

Футболшыларға бұдан былай көк қағаз көрсетіледі
m.sports.ru

Футболда жақын арада көк қағаздар пайда болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Заманауи футболды тағы бір жаңашылдық күтіп тұр. 

Жақын арада төрешілер футболшыларға тең сары немесе қызыл қағаз көрсетіп қоймай, оларды көк қағазбен де жазалайтын болады, - деп жазды BasSport.kz.

The Telegraph мәліметінше, мұндай қағаз алған ойыншы алаңнан небәрі 10 минутқа қуылады. Бұл жаза қарсыласына қарсы әдейі дөрекі ойнаған, төрешімен сөз таластырған ойыншыларға көрсетіледі.

Дегенмен жаңашылдық барлығына бірдей қатысты қолданылмайды екен. Әзірге көк қағаз әйелдер мен жастар футболында, сонымен қатар төменгі лигаларда сынақтан өтеді.