Астана әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

Алты рейс ұшуға және 12 рейс келуге кейінге қалдырылған

Астана әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды
Астана әуежайының баспасөз қызметі
906

Қатты желге байланысты Астана әуежайында рейстер тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әуежайының аэродромында 19 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с жетті. Мұндай ауа райы жағдайлары ұшақтардың ұшуы мен қонуын қиындатады, сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Жоспарланған 72 рейстің жеті ұшып шығу және сегіз ұшып келу рейсі тоқтатылған,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар алты рейс ұшуға және 12 рейс келуге кейінге қалдырылғаны айтылады.

Серіктес жаңалықтары