Қазақстандық таеквондошылар Fujairah Open-де 7 жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы дәстүрлі бәсекеге тұрақты қатысып тұрады.

Қазақстандық таеквондошылар Fujairah Open-де 7 жүлде жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы
796

Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан G2 санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үш күнге созылған бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары да бақ сынап, 7 медаль жеңіп алды.

Артық сынға шыққан Аманбол Бегімбетов (63 кг) Ясмина Нарбаева (62 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Ал VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Батырхан Төлеуғали  (80 кг) және Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Ерасыл Орынбасар (74 кг),

Нұрлан Мырзабаев (87 кг) жартылай финалда сүрініп, өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасы дәстүрлі бәсекеге тұрақты қатысып тұрады. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын осында Ұлттық құрама өкілдері 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізген.

Серіктес жаңалықтары