Биыл 24 мамырда Димаш Құдайберген 30 жасқа толады. Туған күнінде танымал әртіс Стамбулдағы "Бешикташ" стадионында жеке концерт өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Димаштың жеке концертін ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын түрік компаниясы әлеуметтік желілерде жариялады.
Әлемдегі ең ерекше дауыс Бешикташ стадионында! Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылымда болады! Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына арналған концерт, - делінген хабарламада.
"Бешикташ" стадионы Стамбулдың еуропалық бөлігінде, Босфор жағалауында орналасқан. Ол шамамен 42000 көрерменді қабылдай алады.