Қазақстанда әйелдер полиция учаскесі ашылды

Жаңа бөлімше өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін мемлекеттік дағдарыс орталығымен біріктірілді

Қазақстанда әйелдер полиция учаскесі ашылды
polisia.kz
949

Теміртауда әйелдер полиция бөлімшесі іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаскеде тек әйел адамдар жұмыс істейді: ювеналды полиция қызметкерлері, тергеушілер, жедел уәкілдер, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор. Заңгерлер мен психологтардың көмегін алуға болады, - делінген хабарламада.

Жаңа бөлімше өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін мемлекеттік дағдарыс орталығымен біріктірілді. Орталық сол ғимаратта орналасқан. Зардап шеккен әйелдер өздерінің проблемалары туралы айтып, қорғауды сұрай алады. Олардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары да бар.

Әйел әйелді жақсы түсінеді. Біз қарым-қатынастың мүмкіндігінше сенімді болғанын қалаймыз. Бізге жүгінген әйелдер форма киген полицейді көргенде ешбір кедергіні сезінбеуі керек, - дейді аға жедел уәкіл майор Жәния Рахматулина.

Серіктес жаңалықтары