Каспий жағалауындағы учаскелер мемлекетке қайтарылды

3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.

Каспий жағалауындағы учаскелер мемлекетке қайтарылды
wikimedia.org
904

Маңғыстау облысында құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Қарақия ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге, ауданы 696,8 гектар болатын 3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ талдау нәтижесінде Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.

Одан бөлек, Маңғыстау облысы бойынша 57 шаруа қожалығының 44 850 гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану фактілері белгілі болды, - делінген хабарламада.

Кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару үшін облыс прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Серіктес жаңалықтары