«Заңға бағынамын»: Әли Оқапов атақ-марапаттары жайлы дауға нүкте қойды

Ол заң бойынша мемлекеттік сыйлықтардан бас тарта алмайтынын жеткізді.

«Заңға бағынамын»: Әли Оқапов атақ-марапаттары жайлы дауға нүкте қойды
инстаграм

Әнші Әли Оқапов дауға айналған «Құрмет» ордені алып, халық сынына ұшыраған болатын. Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасында берген сұхбатында бүгінде марапаттары өзінде қалғанын айтып, оның себебін түсіндірді.

«Өткен жылдың күтпеген жаңалықтарының бірі болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мені таңдап, сол тізімге бекітіп үлкен қуаныш сыйлады. Дегенмен желі қолданушылары көптеген пікірін жеткізді. Түрлі пікір болды. Бірақ мен өзімді ыңғайсыз сезіндім. Басында шынымен қуандым. Еңбегім еленіп, өнерімнің бағаланғаны қуантады. Бірақ халықтың пікірінен кейін анамның айтқан сөздері есіме түсті. Анам «халықтан үлкен емессің, бірінші орында халық» деп санамызға құйып өсірді.

Сол себепті халықтың айтқанына құлақ асып, бағынып мен сондай қадамға баруға бекіндім. Бірақ заң бойынша мемлекеттік сыйлықтардан бас тарта алмайды екенмін. Ол да бір жағынан дұрыс емес әрекет екен. Маған атқарылған сенім мен үміт менің тарапымнан да бағалану керек. Марапатты қайтарып берсем ол мен жақтан жағымсыз әрекет деп саналады. Сол себепті мен заңға бағынамын. Маған сенім артып, өнеріме жанашыр болып жатқан тыңдарман қауымды құрметтеймін. Қазір ресми тұрғыда мемлекет берген барлық атақ-марапатым өзімде қалды», – деді әнші.