Данияр Елеусіновтың әкесі: Балам ұлттық құрамаға оралу туралы шешімді өзі қабылдайды

Кім жолдама ұтып алады, сол Олимпиадаға барады

Данияр Елеусіновтың әкесі: Балам ұлттық құрамаға оралу туралы шешімді өзі қабылдайды
prosports.kz

Данияр Елеусіновтың әкесі – Марат Елеусінов ұлының ұлттық құрама сапына оралу туралы болжамға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Данияр ұлттық құрамаға оралу туралы шешімді өзі қабылдайды. Ол әлі ешқандай келісім берген жоқ. Кім жолдама ұтып алады, сол Олимпиадаға барады. Қазір бұл мәселені журналистер жиі қозғап жүр», – дейді боксшының әкесі.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағади Айтжанов Данияр Елеусіновтың ұлттық құрама сапына оралуына қарсы емес екенін айтқан болатын.