Канвон-2024: бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Жарыс Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады

Канвон-2024: бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Сали Сабиров

28 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жалғыз спорт түрінен сынға түседі, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, қазақстандық ойыншылар 28 қаңтарда керлингтен аралас жұптық сында өнер көрсетеді.

Аталған бәсекеде Қазақстан намысын Ибрагим Тастемір мен Мерей Тастемір қорғайды.

Олар германиялық құрдастарымен шеберлік байқасады.

Жарыс Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.