«Túrkistan» газеті нағыз ха­лық­тық басылымға айналды – Aида Балаева

Еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орыны бар басылым еліміздің дамуы мен рухания­ты­мыздың, мәдениет пен өнер, білім мен ғылымның жан-жақты өркендеуі жолында қызмет ете береді деген сенімдемін.

«Túrkistan» газеті нағыз ха­лық­тық басылымға айналды – Aида Балаева
ашық дереккөз

Құрметті «Túrkistan» газетінің ұжымы! 

Сіздерді «Túrkistan» халықаралық газетінің шыға бастағанына 30 жыл толуы­мен шын жүректен құт­тық­таймын! 
Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті қа­лам­гер Қалтай Мұхамед­жа­нов негізін салған «Túrkistan» газеті тәуелсіздігімізбен бірге түлеп, өзін­дік соны сүрлеуін қалыптастырды. Осы аралықта түбі бір түркі әлемінің тұ­тас­тығы мен елдік мүдденің үс­тем болуы жолында еселі еңбек еткен нағыз ха­лық­тық басылымға айналды. Газет жарық көргеннен бері оқырмандардың се­німді ақпарат көзі, рухани айна­сы, ұлттық құндылықтардың берік қор­ғаны бола білді. 

Халықаралық «Túrkistan» газеті өзекті мәселелерді өз уақытында кө­те­ріп, мемлекеттік маңызды оқиғаларға үн қосып, қоғаммен біте қайнасқан ұлт зиялыларының тұрақты мінбері, беделі биік бірегей басылым деп біле­міз. Еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орыны бар басылым еліміздің дамуы мен рухания­ты­мыздың, мәдениет пен өнер, білім мен ғылымның жан-жақты өркендеуі жолында қызмет ете береді деген сенімдемін.

Сіз­дер­ді газеттің 30 жылдық мерейтойымен тағы да құттықтай отырып, шығармашылық табыс, же­місті ең­бек пен бақ-береке тілеймін! 

Құрметпен, 
Мәдениет және ақпарат министрі
A.Балаева