1381
Түнде Алматы мен Талғарда жер сілкінісі тіркелді
Жер дүмпуі 2 балдық болды.
Алматылықтар тағы да жер сілкінгенін сезді, деп хабарлады Turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-не сілтеме жасап.
Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 01 минут 28 секундта жер сілкінісінің ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағында жатқаны белгілі болды.
Дүмпудің энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Бағыты 41.32° с.е. 78.84° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км.
Алматы мен Талғар қалаларында жер дүмпуі 2 балдық болды, - деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД.